? Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (МКҚК) өз қызметкерлеріне арналған «Жасанды интеллект» атты мамандандырылған онлайн курсын іске қосады.
?️ Оқу 2025 жылғы 23–27 маусым аралығында өтеді және күн сайын екі сағаттан бес сессияны қамтиды.
? Бастаманың мақсаты — орталық мамандарының цифрлық құзыреттерін арттыру: тыңдаушылар генеративті жасанды интеллекттің заманауи құралдарын меңгеріп, оларды білім беру жобтары мен әкімшілік процестерде тиімді қолдануды үйренеді, сондай-ақ кибергигиена ?️ мен жауапты пайдаланудың ? дағдыларын қалыптастырады.
? Бағдарламаның мазмұндық серіктесі ретінде робототехника мектебі «Robotek» сарапшылары әдістемелік қолдау көрсетеді.
? Курс барысында қатысушылар:
– мәтіндерді автоматтандыруға көмектесетін алдыңғы қатарлы тілдік модельдермен ?,
– арнайы платформалар арқылы визуалды ?️ және аудио ? контент генерациясымен,
– этика ⚖️, авторлық құқық ? мәселелерімен
– және жалған ақпаратты тану ?️ тәсілдерімен танысады.
? Соңғы күні өтетін шағын хакатонда ? командалар нақты кейсті шешіп, жасаған жобаларын әріптестеріне ұсынады.
?️ «Орталығымыздың адами капиталын дамыту арқылы біз елордадағы дарынды балаларға көрсетілетін қолдаудың сапасын да жоғарылатамыз. Жасанды интеллектті игеру – инновациялық білім беру бағдарламалары мен сервистерін жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті «Астана дарыны» директоры Жанар Маулетқанқызы Бейсенбаева.
?️ Оқу интерактивті онлайн форматта өтеді:
– тікелей бейсеминарлар ?,
– шағын топтардағы практикалық воркшоптар ?️,
– жаттықтырушылардың жедел кері байланысы ? көзделген.
? Курсты сәтті аяқтаған барлық тыңдаушыларға аты-жөні көрсетілген электрондық сертификат ? табысталады.