18 наурыз. Бүгін биология, физика пәндері бойынша Олимпиаданың екінші туры.

🔍 Бірінші турда жинаған ұпай санына қарамастан барлық оқушы екінші турға қатысады.

📚 Биология пәні (теориялық тур):
📍 Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі (Төле би көшесі, 26);

🔬 Физика пәні (практикалық тур):
📍 №103 орта мектеп (Мәңгілік Ел даңғылы, 70).

🌅 Түскі астан кейін:
🎓 11-сынып оқушылары Астананың екі қызықты жеріне барады:

🌿 Ұлттық биотехнология орталығы (ҰБО):
📍 (Қорғалжын тас жолы, 13/5 ғимарат) – биологтер;

⚛️ Ядролық физика институтының Астана филиалы:
📍 (Абылай хан даңғылы, 2/1) – физиктер.

🌱 Ұлттық биотехнология орталығында:

🧪 Биология және биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ететін заманауи ғылыми жабдықтар бар.
🏫 Орталықтың ғылыми инфрақұрылымының негізін 15 зертхана мен 2 филиал құрайды.
💡 ҰБО Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экологиясының өзекті мәселелерін шешуге байланысты қолданбалы зерттеулер жүргізу және биотехнологияларды дамыту бойынша көшбасшы ретінде беделге ие.
⚙️ ҰБО қызмет бағыттары:

📊 Ғылыми зерттеулер жүргізу;
🛠️ Жаңа технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу;
🌐 Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, гранттарды, инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
🔄 Биотехнология саласына отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу;
🤝 Ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферті бөлігінде отандық және шетелдік институттармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
🔬 ҰБО зерттеулер салалары:

Биотехнология, молекулалық биология, генетика, биохимия, микробиология, вирусология, иммунология және фармакология.
☢️ Ядролық физика институты Астана филиалы:

🏭 DЦ-60 ауыр ионды үдеткіш кешенін, трек мембраналар технология зертханасын, қатты дене физикасы зертханасын және ядролық физика зертханасын біріктіретін бірегей ғылыми орталық.
📅 Кешен 2006 жылы іске қосылды.
🎯 Мақсаты – ядролық физика, қатты дене физикасы, радиациялық материалтану, нанотехнология және трек мембраналарын құру саласында бірегей зерттеулер жүргізу.
🌟 Өмірдің сан саласында шешуші рөл атқаратын ғылымды дамыту мен насихаттау – қоғамды жаңартудың және жастарды белсенді ғылыми қызметке тартудың маңызды факторы.