18 наурыз. Бүгін биология, физика пәндері бойынша Олимпиаданың екінші туры.

? Бірінші турда жинаған ұпай санына қарамастан барлық оқушы екінші турға қатысады.

? Биология пәні (теориялық тур):
? Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі (Төле би көшесі, 26);

? Физика пәні (практикалық тур):
? №103 орта мектеп (Мәңгілік Ел даңғылы, 70).

? Түскі астан кейін:
? 11-сынып оқушылары Астананың екі қызықты жеріне барады:

? Ұлттық биотехнология орталығы (ҰБО):
? (Қорғалжын тас жолы, 13/5 ғимарат) – биологтер;

⚛️ Ядролық физика институтының Астана филиалы:
? (Абылай хан даңғылы, 2/1) – физиктер.

? Ұлттық биотехнология орталығында:

? Биология және биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ететін заманауи ғылыми жабдықтар бар.
? Орталықтың ғылыми инфрақұрылымының негізін 15 зертхана мен 2 филиал құрайды.
? ҰБО Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экологиясының өзекті мәселелерін шешуге байланысты қолданбалы зерттеулер жүргізу және биотехнологияларды дамыту бойынша көшбасшы ретінде беделге ие.
⚙️ ҰБО қызмет бағыттары:

? Ғылыми зерттеулер жүргізу;
?️ Жаңа технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу;
? Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, гранттарды, инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
? Биотехнология саласына отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу;
? Ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферті бөлігінде отандық және шетелдік институттармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
? ҰБО зерттеулер салалары:

Биотехнология, молекулалық биология, генетика, биохимия, микробиология, вирусология, иммунология және фармакология.
☢️ Ядролық физика институты Астана филиалы:

? DЦ-60 ауыр ионды үдеткіш кешенін, трек мембраналар технология зертханасын, қатты дене физикасы зертханасын және ядролық физика зертханасын біріктіретін бірегей ғылыми орталық.
? Кешен 2006 жылы іске қосылды.
? Мақсаты – ядролық физика, қатты дене физикасы, радиациялық материалтану, нанотехнология және трек мембраналарын құру саласында бірегей зерттеулер жүргізу.
? Өмірдің сан саласында шешуші рөл атқаратын ғылымды дамыту мен насихаттау – қоғамды жаңартудың және жастарды белсенді ғылыми қызметке тартудың маңызды факторы.