Quantum STEM School

? 2025 жылы 17-20 наурыз күндері аралығында ?
?️ Астана қаласында өтіп жатқан физика ?, биология ? пәндері бойынша республикалық олимпиада аясында бүгін әр облыстан келген топ жетекшілері мен пән мұғалімдері «Астана дарыны» ? дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруымен елордалық “Quantum STEM School” мектебіне барды.

? Астанадағы математика ?, ғылым ? және инженерия ?️ пәндерін тереңдетіп оқытатын, Сингапур ?? мен АҚШ ?? үздік оқу әдістемелері бойынша үш тілде білім беретін Quantum STEM Schools мектебі – жекеменшік мектептер желісінің алғашқы жобасы.

? Озық технологиялар және жабдықтармен қамтылған заманауи білім мекемесінде оқу сыныптарынан басқа:

Химия, физика және биология бойынша инновациялық зертханалар ?
Рекреациялық аймақтар ?️
Шеберханалар ?
Кітапхана ?
Self-сервис көшірме орталығы ?️
Музыка ? және робототехника ? кабинеттері
Мультимедиялық үй-жай ?
Жылыжай ?
Фотостудия ?
Павильон ?
бар.

? Еліміздің әр түкпірінен келген ұстаздар мен жетекшілер мектептің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, «IQ007 жылдам оқу және интеллектіні дамыту» мектептері желісінің директоры Кидришева Альфия Алмбековна ?‍? «Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту» сабағына қатысты.

? А.А. Кидришева:
«Үнемі дамып отыратын ұстаз – оқушыларын да үздік нәтижелерге жетелейді! Осы мақсатта біз келген қонақтарға интеллектуалды даму және жылдам оқу бойынша қызықты сабақ өткіздік», – дейді.

? Ұстаздар сабақ барысында зейін қою қабілетін арттыру ?, ойлау вариативтілігін дамыту ?, функционалдық сауаттылық ?, көрнекі есте сақтау қабілетін жақсарту ?, перифериялық көруді жаттықтыру ?️ т.б. әдістерімен тереңірек танысып, сабақтарда қолданудың тиімді екенін айтты.

? Бүгінгі ұстаздарға арналған “Quantum STEM School” мектебіне саяхат қызықты да тартымды өтті. ?

https://www.instagram.com/p/DHUzpd2Iuyu