📅 2025 жылы 17-20 наурыз күндері аралығында 🌟
🏙️ Астана қаласында өтіп жатқан физика 🔬, биология 🌱 пәндері бойынша республикалық олимпиада аясында бүгін әр облыстан келген топ жетекшілері мен пән мұғалімдері «Астана дарыны» 🏆 дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруымен елордалық “Quantum STEM School” мектебіне барды.
📚 Астанадағы математика 🔢, ғылым 🌌 және инженерия 🛠️ пәндерін тереңдетіп оқытатын, Сингапур 🇸🇬 мен АҚШ 🇺🇸 үздік оқу әдістемелері бойынша үш тілде білім беретін Quantum STEM Schools мектебі – жекеменшік мектептер желісінің алғашқы жобасы.
🔬 Озық технологиялар және жабдықтармен қамтылған заманауи білім мекемесінде оқу сыныптарынан басқа:
Химия, физика және биология бойынша инновациялық зертханалар 🧪
Рекреациялық аймақтар 🛋️
Шеберханалар 🔧
Кітапхана 📚
Self-сервис көшірме орталығы 🖨️
Музыка 🎵 және робототехника 🤖 кабинеттері
Мультимедиялық үй-жай 🎥
Жылыжай 🌿
Фотостудия 📸
Павильон 🏯
бар.
👥 Еліміздің әр түкпірінен келген ұстаздар мен жетекшілер мектептің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, «IQ007 жылдам оқу және интеллектіні дамыту» мектептері желісінің директоры Кидришева Альфия Алмбековна 👩🏫 «Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту» сабағына қатысты.
💡 А.А. Кидришева:
«Үнемі дамып отыратын ұстаз – оқушыларын да үздік нәтижелерге жетелейді! Осы мақсатта біз келген қонақтарға интеллектуалды даму және жылдам оқу бойынша қызықты сабақ өткіздік», – дейді.
🎯 Ұстаздар сабақ барысында зейін қою қабілетін арттыру 👀, ойлау вариативтілігін дамыту 🧠, функционалдық сауаттылық 📝, көрнекі есте сақтау қабілетін жақсарту 📌, перифериялық көруді жаттықтыру 👁️ т.б. әдістерімен тереңірек танысып, сабақтарда қолданудың тиімді екенін айтты.
🌟 Бүгінгі ұстаздарға арналған “Quantum STEM School” мектебіне саяхат қызықты да тартымды өтті. 🚀