Экскурсия

Физика және биология пәндерінен республикалық олимпиадаға қатысушы 11 сынып оқушылары ДЦ-60 ауыр иондарының үдеткіш кешенін, трек мембраналарының технологиялық зертханасын, қатты дене физикасы зертханасын және ядролық физика зертханасын біріктіретін бірегей ғылыми орталық Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» Астана филиалына саяхат жасап, Атом энергетикасы және оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы жаңа ғылыми түсінік алды.
ДЦ-60 ауыр иондарының үдеткіш кешенінің жұмысымен танысып, растрлық электронды микроскопия, органикалық химия және трек мембраналарының технологиялық зертханаларында болды.
Бұл саяхат жас физиктер үшін жарқын әрі есте қаларлық оқиға болды.

https://www.instagram.com/p/DHa7jd-tTbY