Қалалық «Брейн- ринг» байқауы өтті

2024 жылдың 2 – 3 мамыр күні Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы өтті.

Байқауда «Армысың, балақай!» топты таныстыру, «Сен білесің бе?» – жол жүру ережесі, жол белгілері тақырыбына байланысты сұрақ-жауап викторинасы және «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Бағдаршам», «Қауіпсіздік аралы» тақырыбындағы сюжетті-рөлді ойын бөлімдері бойынша мектепалды топ балалары өнер көрсетті.

Байқау Астана қаласының 5 ауданында бір уақытта өтті. Есіл ауданында 14 топ, Нұра ауданында 18 топ,  Сарыарқа ауданында 40 топ, Алматы ауданында 39 топ және Байқоңыр ауданында 18 топ қатысты. Байқау соңында жеңімпаз балабақшалар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, педагогтер мен тәрбиеленушілер сертификаттармен марапатталды.

Байқауға барлығы 129 топ, 645 бала  қатысты.