Kazakhstan Speaks English

2024 жылдың 4 мамыр күні № 84 мектеп-лицейінде (Ұлы Дала, 41/1) білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі бойынша Kazakhstan Speaks English олимпиадасының қалалық кезеңі  өтеді.

Мақсаты – мектеп оқушыларын ағылшын тілін үйренуге ынталандыру, шығармашылық ойлауын дамыту және ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық рейтингтерде Қазақстанды таныту.

Олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Тіркелу уақыты: 9:00-9:45

Олимпиаданың басталуы: 10:00

Олимпиада туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» орталығы, Қабанбай батыр көшесі, 33 үй, 516 кабинет, байланыс телефоны: 25-01-69