Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми -практикалық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңі басталды.
Елордадағы «Ibis» қонақ үй базасында өтіп жатқан конкурсқа Астана қаласынан 5 оқушы қатысып жатыр: №77 мектеп-гимназиясының 8 – сынып оқушысы Сабиржан Сабина, №74 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Тастанбек Садуақас, №38 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ахметқали Әділет және №64 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Заманбек Фарида мен Ибрагим Арлен.
Оқушыларға республикалық конкурста сәттілік тілейміз!
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2024/04/28-апреля-Международный-День-скорой-неотложной-помощи-копия-1-1024x1024.jpg)