Астанада  «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының  республикалық кезеңі өтіп жатыр

Бүгін  Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми -практикалық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңі басталды.

Елордадағы «Ibis» қонақ үй базасында өтіп жатқан конкурсқа Астана қаласынан 5 оқушы қатысып жатыр: №77 мектеп-гимназиясының 8 — сынып оқушысы Сабиржан Сабина, №74 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Тастанбек Садуақас, №38 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ахметқали Әділет және №64 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Заманбек Фарида мен Ибрагим Арлен.

Оқушыларға республикалық конкурста сәттілік тілейміз!