Солтүстік өңірлері бойынша өткен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының қорытындысы

Солтүстік өңірлері бойынша өткен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының қорытындысы

   Ұлтымыздың құнды мұрасы – «Бестемше» ұлттық ойыны жарысы алғашқы рет Солтүстік өңірлері бойынша Астана қаласы әкімдігінің  №69 «Еркемай» балабақшасының жұмыс  жоспарына сәйкес «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі-орталық) және «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ қолдауымен 2024 жылдың 26 сәуірінде аталған балабақша базасында өтті.

    «Бестемше» ұлттық ойынын балалар арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру мақсатында Солтүстік өңірлерінен шақырылған Көкшетау(6), Петропавл (6), Қарағанды(3), Теміртау(2) қалаларынан барлығы 18 ойыншы және Астанадан

қалалық жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлері(6), сонымен қатар  жоспарлы шараны ұйымдастыруда үлес қосып отырған №69 «Еркемай» балабақшасының (3) ойыншылары

барлығы 27 ойыншы жарыс алаңында бақ сынады.

   Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Бас хатшысы, «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» республикалық бірлестігі вице-президенті Шотаев Махсат Есенбекұлы,  Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушы Құланова Құралай Қадырқызы және ассисенті  тоғызқұмалақтан спорт шеберлері Болысбаева Сандуғаш ойыншылардың жарысына төрелік етті.

    Тоғызқұмалақтың классика түрі бойынша швейцар жүйесімен  6 айналымда жүргізілген ойынның нәтижесі:

І дәрежелі диплом  алтын медаль иегері Астана қаласы №67 «Шұғыла» бб.

ІІ дәрежелі диплом күміс медаль – Астана қаласы №69 «Еркемай» бб,

Петропавл қаласы «Алтын – бесік» бөбекжай-бақшасы.

ІІІ дәрежелі диплом қола медаль – Астана қаласы №47 «Ақ желкен» бб,

Астана қаласы №69 «Еркемай» бб (2), Көкшетау қаласы «Zerek» бөбекжайы.

Ынталандыру марапаты (грамота) – Астана қаласы №25 «Таңшолпан» бб, Астана қаласы №5 «Ақбота» бб, Астана қаласы №1 «Бәйтерек» бб, Астана қаласы №70 «Құлыншақ» бб, Петропавл қаласы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы(6), Қарағанды қаласы  «Қарлығаш» бөбекжайы(3), Теміртау қаласы  «Жұлдыз» бөбекжайы(2), Көкшетау қаласы «Арай» бөбекжайы, Көкшетау қаласы «Мирас» бөбекжайы, Көкшетау қаласы «Достық» бб, Көкшетау қаласы «Алтын бала» бб, Көкшетау қаласы «Арай» бөбекжайы.

Елордалық бүлдіршіндер «Бестемше» ұлттық ойынын шеберлікпен меңгергендерін көрсете білді.

     Сонымен қатар шараны ұйымдастыру бағдарламасында ойыншылардың ата-аналары арасында «Бестемше» ұлттық ойын жарысы ретінде достық кездесу өтті.

     Балаларын қолдап келген ата-аналарға ұлттық ойын жарысында  көрсеткен ерекше белсенділігі үшін ризалық білдіріп, ұлттық құндылықты бала бойына сіңіру жолында атқарып жүрген еңбегіне табыс тілейміз.

     Ежелден келе жатқан ұлттық ойын қайта жаңғырып, көпшілік арасында таралуда, осы орайда,  ұлтымыздың құнды мұрасын насихаттаушы, ұлттың жанашыры, қоғамдық қайраткер Оразкүл Асанқызы осы шараға қонақ ретінде қатысты.

    Кішкентай ойыншыларды ата-аналары, жетекші педагогтерімен қабылдап, жарыстың жоғары деңгейде өтуін ұйымдастырған Астана қаласы әкімдігінің №69 «Еркемай» балабақшасының ұжымына (меңгерушісі Ахметова Марал Кулькеновна) алғыс білдіреміз.