Жалпы білім беретін пәндерден 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы

2024 жылдың 24 мамырда Астана қаласында 5-6 сынып оқушылары арасындажалпы білім беретін пәндерден 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана қаласынан 19 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық оқушылар: 8 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті. 

Математика пәні бойынша:

Алтын медаль – Амантай Алдияр (Зерделі Халықаралық мектебі),  Өміржан Әдижан (37 МЛ )

Ағылшын тілі пәні бойынша:

Алтын медаль – Талғат Адель (Ы.Алтынсарин атындағы Binom School МЛ), Жәнібекұлы Бекнұр – (Қадыр Мырза Али атындағы Binom School МЛ).

Қазақ тілі пәні бойынша:

Алтын медаль – Сыдық Мерей (№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі);

Қола медаль – Алданыш Інжу (67 Г).

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша:

Алтын медаль – Бровко Радмир (37 МЛ )

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

Алтын медаль – Анисимова Вероника (36 ОМ);

Грамота– Борзенкова Авелина (28 МЛ).

Қазақ тілінде оқытатын  мектептердегі орыс тілі пәні бойынша:

Алтын медаль – Амангелді Дәмелі  (73 МЛ).

Жаратылыстану пәні бойынша:

Күміс медаль – Абдульманов Артур (5 Г);

Қола медаль – Еркінбек Ердәулет (Зерделі Халықаралық мектебі).

Қазақстан тарихы пәні бойынша:

Грамота – Қален Қазбек (34 ОМ)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!