Астана қаласының оқушылары арасында ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  эссе байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл даму» АҚ мен Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ұлттық орман отырғызу күні қарсаңында 10-11 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстан экологиясын жақсартуға қосар үлесім» эссе  байқауын өткізді.  

Қазақстанда бұл акция Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық орман жылын жариялауы аясында және  экологиялық тазалықты сақтау мақсатында оныншы жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Аталған эссе байқауының іріктеу кезеңіне 500-ден артық оқушы қатысып, қалалық кезеңге 60 жұмыс өтті. 

Қазылар алқасының шешімімен 3 оқушының жұмысы жүлделі орындарға ие болды.

І орын:  Ниязалы Аяулым,  Тұрсынбек Кәкішұлы атындағы № 94 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы;

ІІ орын:  Төлеген Айжан, Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын: Мамбур Софья, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің 10- сынып оқушысы иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, қалалық кезеңге өткен оқушыларна  ынталандыру сыйлықтары берілді.

          Жеңімпаздарымызды құтықтаймыз!