«Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинарын өткізу туралы ақпарат

          2024 жылдың 23 сәуірінде орта білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинары өткізіледі.

          Семинардың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

          Семинарды өткізу күні: 23.04.2024 ж.

          Өткізу орны: № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (Ұлы Дала, 61/1).

          Тіркелу уақыты: 14:00 – 14:25

          Басталуы: 14:30

           Семинар туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» орталығы, Қабанбай батыр көшесі, 33 үй, кабинет 516, байланыс телефоны: 25-01-69.