Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Көркемсөз шебері» мәнерлеп оқубайқауының қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау
орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 наурыз – 15 сәуір аралығында мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік
балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Көркемсөз шебері» мәнерлеп оқу байқауының қалалық іріктеу кезеңіне өтінім қабылдау жүргізілді. Жалпы 76
бейнематериал қабылданды.

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі
педагогика және жеке әдістемелер оқытушыларынан кұралған қазылар алқасының отырысы 2024 жылдың 19 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты
жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 38 бейнематериал қалалық кезеңге жолдама алды және келесі кезеңге өткен қатысушылар 30 сәуір күні “Sana” Жаңа ұрпақ орталығында өнер көрсететін болады. Уақыты қосымша хабарланады.
Жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы кезеңге сәттілік тілейміз!