5-6 сынып оқушылары арасында «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «NURORDA» мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 20 сәуірінде 5-6 сынып оқушылары арасында «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: математика пәніне қабілеті жоғары, дарынды балаларды анықтап, ынталандыру арқылы оқушылардың математикалық білімін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өтетін орны: «NURORDA» мектеп-лицейі (Қасым Аманжолов көш.,34).
Өтетін уақыты: сағ. 10.00.
Тіркелу уақыты: сағ. 09:30.
Олимпиада жазбаша тест түрінде өтеді және 80 минутқа созылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.