Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің алғашқы тажірибем» қалалықбайкауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жене қолдау
орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 наурыз – 15 сәуір аралығында мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауына 4 түрлі бағыт бойынша өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Ережеге сәйкес жеке және топтық құрамда 23 бейнематериал кабылданды.
Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер бөлімінің педагогтерінен құралған қазылар алқасының отырысы 2024 жылдың 18 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.
Байқау қорытындысы бойынша І орын – 1, II орын – 2, III орын – 3 қатысушы иеленді.
Бүлдіршіндерімізді құттықтаймыз!