Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтеді

Мектеп оқушылары арасында Ә. Кекілбаев шығармаларын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөз мәдениетін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 24 сәуірде  білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары  арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңін (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.  

Байқау 4 бағыт бойынша өтеді:

  1. Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу;
  2. Ә. Кекілбаевтың прозалық және поэзиялық шығармалары бойынша мәнерлеп оқу;
  3. Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаев  шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;
  4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.

Байқауға әр білім беру  мекемесінен әр бағытқа  1 оқушыдан,  жалпы  саны                      4 оқушы қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 20, Ә.Кекілбаев атындағы BINOM school мектеп-лицейі.

Тіркеу: сағат 08.00. – 08.45. аралығында.

Басталуы: сағат 09.00.-де.