Республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі өтеді

Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 20 сәуірде  №74 мектеп-гимназиясының базасында Республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңін (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді.   

Жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары  арасындағы байқау үш номинация бойынша өтеді:  

  1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»;
  2. «Жыр эстафетасы»;
  3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды»

          Байқауға әр білім беру  мекемесінен әр бағытқа  1 оқушыдан,  жалпы  саны                      3 оқушы қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Жүргенов көшесі, 296.

Тіркеу: сағат 08.00. – 08.45. аралығында.

Басталуы: сағат 09.00.-де.