«Астана дарыны» орталығының 2024 жылы қаңтар айында атқарған іс-шаралары туралы  ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

          2024 жылдың қаңтар айында «Астана дарыны» орталығы 7 іс-шара өткізді, оның ішінде 1 халықаралық, 1 республикалық және 5 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 2295 оқушы қатысып, 1001 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын –145;

II орын – 293;

III орын – 563.    

Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңі  1690100218447765
2.Халықаралық Жәутіков олимпиадасы  1725815
 Барлығы: Іс -шаралар – 2  1707102223445780

          1) 2024 жылдың 04-05 қаңтар күндері 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңі өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 802 оқушы қатысып, 366 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын – 50, II орын – 97, III орын – 219. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 888 оқушы қатысып, 399 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын – 50, II орын – 121, III орын – 228.

          2) 2024 жылдың 8 – 13 қаңтары аралығында Алматы қаласында Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 17 астаналық оқушы қатысып, 15 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: I орын – 2, II орын – 5, III орын – 8.

          3) 2024 жылы 19 қаңтарда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы III (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қалалық кезеңде 765 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, I, II, III дәрежелі медальдар мен дипломдардың иегері атанды.

         Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын

                                                        ұйымдастыру бөлімі

Іс -шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.IV  «Мәуелі мұра» қалалық оқулары  1757153759
2. 2-7 сыныптар арасында XIX pеспубликалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауы  5014131037
 Барлығы Іс – шаралар –  2  22521284796

               1) 2024 жылдың 27 қаңтарында №64 мектеп-лицейінде 8 – 11 сынып оқушылары арасында IV қалалық «Мәуелі мұра» оқулары өтті. Шараға 4 төрт номинация бойынша 175 оқушы қатысты. «Мәуелі мұра» оқулары  қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны – 59, оның ішінде: I орын – 7; II орын -15; ІІІ орын – 37.

           2) 2024 жылдың  30 қаңтар -1 ақпан аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында 2-7 сыныптар арасында  XIX Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Астана қаласынан 50 оқушы 42 жобамен қатысып, оның 37-сі үздік нәтиже көрсетіп, 14 алтын, 13 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Ғылыми – техникалық және көркем – эстетикалық  шығармашылықты

дамыту  бөлімі

Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1. «Қадыр  мұрасы» 4-9 сынып оқушылары арасындағы қалалық конкурс21018284288
2.«Есенберлин тағылымы» аймақтық І.Есенберлин оқулары  1534141937
 Барлығы:  Іс -шаралар –  2  363224261125
  1. 2024 жылдың 9  қаңтар күні Орталық Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесе отырып оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру, поэзияға, қаламгердің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 4-9 сынып оқушылары арасында   «Қадыр  мұрасы» қалалық байқауын өткізді. Байқауға  88 білім беру мекемелерінен  210 оқушы қатысты.Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: Бас жүлде – 4 ; I орын- 14; II орын-28 ; III орын-42; грамота – 43.

      2) 2024 жылы 19  қаңтардаОрталық№67 гимназиямен бірлесе отырыпІ.Есенберлиннің  тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау,         оқушылардың шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру,    әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту,  жазушының шығармаларының рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Есенберлин тағылымы» аймақтық Есенберлин оқуларын  өткізді. Оқуларға  69 білім беру мекемелерінен  153 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі нәтижелерді көрсетті: I орын- 4, II орын-14 ; III орын-19; грамота – 26.

                        Педагогикалық шеберлік бөлімі

         2024 жылдың 11 қаңтарында «Астана дарыны» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. 37 бастауыш сынып педагогі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, 13 педагогке грамоталар табысталды.

        2024 жылдың 17 қаңтар күні «Nurorda» лицейінде «Астана дарыны» орталығы білім саласына маманданған «Qurmet» компаниясымен бірлесе отырып «Steam – барлығына арналған мүмкіндіктер» семинарын өткізді.

        Мақсаты – Steam тұжырымдамасын білім беру үдерісіне енгізу   аспектілерін тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік беру. Семинарға Астана қаласы Binom мектеп-лицейлері мен жекеменшік білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары және

мұғалімдері    қатысты.

          2024 жылдың 22 қантарында № 52 мектеп-гимназиясында «Тілім

менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалык олимпиада аясында

елорда мектептерінің бастауыш және қазак тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне

арналған «Сатылай кешенді окыту технологиясы» семинары өтті.

             Семинардың мақсаты: «Сатылай кешенді окыту» технологиясын қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабақтарында пайдалану арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, білім сапасын арттыру.

            2024 жылдың сәуір айында мұғалімдерге арналған «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша 72 сағаттык курс өткізіледі.