9-11 (12) сынып оқушылары арасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

2024 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында Haileybury Almaty мектеп базасында 9-11 (12) сынып оқушыларының география және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен география пәнінен 152, информатика пәнінен 143 оқушы қатысты.

Астана қаласынан география пәні бойынша 8, информатика пәні бойынша 9 оқушы қатыстып, олардың 13-і жүлделі орындарға ие болды.

География пәні бойынша 1 алтын, 4 қола.

Алтын медаль-Иманкулова Амина (БИЛ қыз);

Қола медаль – Мухтарханова Сара (БИЛ қыз), Тоекина Аиша (Riviera International school), Қанатбек Жалғас (Қ. Сәтбаев атындағы Binom School МЛ), Павлов Юрий (№3 МГ).

Информатика пәні бойынша 1 алтын, 2 күміс 5 қола.

Алтын медаль – Абжами Ерсултан (NURORDA МЛ);

Күміс медаль – Кигаш Амир, Сейтбай Алдияр (БИЛ ұлдар);

Қола медаль – Амангелді Әділет, Рахматуллин Асылжан, Шермаханов Ильяс (NURORDA МЛ), Мырзаш Бейбарыс, Байжанов Нұрмырза (БИЛ ұлдар).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!