Республикалық математикалық XVII «Бастау» турнирінің қорытындысы

2024 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектеп базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирі өтті.

Астана қаласынан математикалық турнирдің қалалық кезеңі жеңімпаздарынан құралған екі команда: қазақ тілінде оқытатын сыныптар арасында –  №66 мектеп-лицейінің командасы; орыс тілінде оқытатын сыныптар арасында –   Экономикалық лицейдің командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Астана қаласы қазақ тілінде оқытатын сыныптар арасында командалық II орынды №66 мектеп-лицейінің оқушылары иеленіп, жеке сынақ бойынша 4 – сынып оқушысы Қиманова Айлана  III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Орыс тілінде оқытатын сыныптар арасында командалық III орынды Экономикалық лицейдің оқушылары иеленіп, жеке сынақ бойынша 2- сынып оқушысы Геффель Кира, 3- сынып оқушысы Кириллов Тимофей, 4-сынып оқушысы Макишев Амир II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!