«Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» қалалық конкурсы

     «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 28 наурыз күні №22 мектеп-гимназиясында тәрбиешілер мен әдіскерлер арасында «Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» қалалық конкурсын өткізді.

       Мақсаты: педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Конкурсқа елордалық 9 мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 13 педагог қатысты.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша педагогтер келесі орындарға ие болды:

І орын: Таубаева Айгерим Бахытовна  № 76 «Әдемі» балабақшасы;

ІІ орын: Островская Анастасия Сергеевна №34 “Ақ бидай” балабақшаcы,

Байдомакова Лаура Калдыбековна №47 «Ақ желкен» балабақшасы;

ІІІ орын: Бақыт Айсауле № 47 «Ақ желкен» балабақшасы, Айдарбекова Бакыт Жанбыршиевна  № 82 «Айару» балабақшасы, Шынгысова Айжан Нурболатовна №16 “Шағала” балабақшаcы.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны»  орталығының І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.