Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиадада Астана қаласының командасы  5 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль иеленді

Бүгін Елордадағы ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының салтанат залында Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Республикалық олимпиаданың жабылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрлігі  Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыев, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Қуанышұлы Тұрсынов қатысып, дарынды жастарға жүлделерін тапсырды.  

2024 жылғы  18-21 наурыз аралығында Астана қаласында өткен Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы олимпиадаға республикалық маңызы бар 3 қаладан, 17 облыстан және                                    5 республикалық мектеп (РФМС (Астана, Алматы), НЗМ, Абай атындағы ОӨМ, Жас Ұлан ОМ, 1 «Бөбек» ҰБОҚ мектебі) барлығы 26 команда қатысқан болатын.

Теориялық және практикалық турлардан тұратын олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 5 алтын, 6 күміс және               6 қола медальді қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын:

Математика пәні бойынша:

Алтынбек Ерасыл, Таңсықбай Абзал;

Физика пәні бойынша:

Жұмаділ Мұхаммедали, Тюлюбаев Даниэль, Пшенбаев Амир.

ІІ орын:

Математика пәні бойынша:

Саятұлы Абай, Алиасқар Сұдтанәлі, Сайлаубай Бексұлтан,

Бекбосын Нұрсұлтан, Амангельдин Айбын, Керімхан Әлбар

ІІІ орын:

Математика пәні бойынша:

Ашкен Ілияс, Ырысбекұлы Бақжол, Несіпбек Әлинұр,

Молдабек Әділбек;

Физика пәні бойынша:

Сабыров Мерген, Камалиев Әділхан

Елордалық дарындарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларда еліміздің намысын қорғайтын болады.