Бүгін Елордадағы ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының салтанат залында Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Республикалық олимпиаданың жабылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыев, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Қуанышұлы Тұрсынов қатысып, дарынды жастарға жүлделерін тапсырды.
2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында Астана қаласында өткен Математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы олимпиадаға республикалық маңызы бар 3 қаладан, 17 облыстан және 5 республикалық мектеп (РФМС (Астана, Алматы), НЗМ, Абай атындағы ОӨМ, Жас Ұлан ОМ, 1 «Бөбек» ҰБОҚ мектебі) барлығы 26 команда қатысқан болатын.
Теориялық және практикалық турлардан тұратын олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 5 алтын, 6 күміс және 6 қола медальді қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын:
Математика пәні бойынша:
Алтынбек Ерасыл, Таңсықбай Абзал;
Физика пәні бойынша:
Жұмаділ Мұхаммедали, Тюлюбаев Даниэль, Пшенбаев Амир.
ІІ орын:
Математика пәні бойынша:
Саятұлы Абай, Алиасқар Сұдтанәлі, Сайлаубай Бексұлтан,
Бекбосын Нұрсұлтан, Амангельдин Айбын, Керімхан Әлбар
ІІІ орын:
Математика пәні бойынша:
Ашкен Ілияс, Ырысбекұлы Бақжол, Несіпбек Әлинұр,
Молдабек Әділбек;
Физика пәні бойынша:
Сабыров Мерген, Камалиев Әділхан
Елордалық дарындарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларда еліміздің намысын қорғайтын болады.