«Makersace Hardware Projects» турнирі

2024 жылдың 15 наурызында «Дарын» РҒПО «Kazakhstan AmCornes Network» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық Миссияның қолдауымен робототехника мұғалімдері үшін Американдық бұрыштар алаңында оқу  жаттығу жиынының нәтижесі бойынша «Makersace Hardware Projects» турнирі өтті.

          Турнирге теориялық, практикалық білім, 3D – модельдеу, бағдарламалау және электроника саласы бойынша білімдерін сынау мақсатында елордалық 21 білім беру ұйымынан 22 педагог пен 41 оқушыдан тұратын 22 команда қатысты.

Нәтижесінде оқушылар бір І орын, бір ІІ орын, бір ІІІ орын иеленіп, 22 оқушы грамотамен марапатталды.

Оқу  жаттығу жиынына қатысқан  информатика пәні мұғалімдеріне «Дарын» РҒПО мен Американдық бұрышы алаңының сертификаттары табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!