World Space Olympiad. 3 сөз – жаңа жолыңның басталуы.

WSO – әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушыларға арналған 2 санаттағы инженерлік жарыс: CanSat зымыран құрастыру, Inventors инженерлік жобалары. Жүлделер – ұлттық және жеке ғарыш компанияларындағы тағылымдамалар, демеушілердің атынан сыйлықтар.

WSO: Inventors – бұл 5-12 сынып оқушыларына аэроғарыш өнеркәсібін зерттейтін инженерлік жобасын әзірлеуге және оны ғылыми жәрмеңкеде таныстыру арқылы ғылымның дамуына үлес қосу мүмкіндігі. Қатысушылар роверлерден телескоптарға дейін және спутниктерден үш сатылы зымырандарға дейін түрлі жобаларды жасай алады.

Команданы жинап, өз жобаңды World Space Olympiad-те әзірле. Осы жазда әлемнің және Қазақстанның ең мықты инженерлері Қазақстанның үздік университеті Nazarbayev University және Ұлттық ғарыш орталығының базасында ақтық кезеңде кездеседі

 Тіркелу 1 сәуірге дейін www.wso.rocks сайтында ашық. Барлық жаңалықтар жайлы хабардар болу үшін @wso.rocks Instagram парақшасына немесе @wso_rocks Telegram каналына жазылыңыз.