«JasSkills Astana-2024» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 наурыз күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында елордалық білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында «JasSkills Astana-2024» қалалық чемпионатының «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Жоғарыда аталған құзыреттер бойынша елордалық білім беру мекемелерінен 30 оқушы бақ сынады.
Нәтижесінде:
«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Ержуманов Арсен, Касымханов Карим – Экономикалық лицейі.
II орын – Аманқұл Саян, Сапаргелді Ғизат – Ахмет Байтұрсынов атындағы Binom School мектеп-лицейі;
Әліш Шерхан, Бахатбекұлы Жалғасбек – №8 мектеп-лицейі.
III орын – Тулеген Әділет, Қайыргелді Ерсұлтан – №68 мектеп-гимназиясы;
Рахманов Нұрымжан, Сулейменова Балнур- №67 мектеп-гимназиясы;
Божанов Алдияр, Биржанов Адильжан – №9 «Зерде» мамандандырылғын мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!