Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды

2024 жылы 13 наурызда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

          Елордадағы №85 мектеп-лицейінің базасында өткен шарада «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Жанар Мәулетханқызы Бейсенбаева жеңімпаздарды құттықтап, жүлделерін салатантты түрде тапсырды.

2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында  Ақмола облысының Щучье қаласында өткен 2-7 сыныптар арасындағы ХІХ Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсына Астана қаласының командасы 42 жобамен қатысқан болатын. Аталаған республикалық конкурста бақ сынаған 50 оқушының 34-і үздік нәтиже көрсетіп, 13 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль және 4 грамота иеленді.

Ал 2024 жылдың 26 ақпан – 1 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына Астана қаласынан 47 жобамен 64 оқушы қатысып, 7 алтын, 15 күміс, 12 қола медаль және 5 грамота иленді.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты

жастарды анықтау және қолдау орталығы