Республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңі өтеді

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 16 наурызда №38 мектеп-лицейінің базасында 5-8 сынып оқушыларының арасында республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңі өтетінін хабарлайды.

Оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылықты арттыру,  экологиялық мәдениет қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын конкурсқа Астана қаласының білім беру мекемелерінен 164 оқушы қатысады.

Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:

1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт – «Мені қоршаған әлем –  ғажайып әлем»;

3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт –  «Таза қала сізден басталады».

Әр мектептен  2 жоба ғана қатыса алады.  Жобаны қорғау регламенті – 5-7 минут.

Тіркелу сағат 8.15-тен-9.00-ге дейін. Басталуы сағат 9.00.

Өтетін орны: № 38 мектеп-лицейі. 

Мекенжайы: Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі 8/2