5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 4 наурызда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңін өткізеді.

           Өтетін орны:

№80 мектеп-гимназиясы (Ш.Қосшығұлұлы, 17/2) .

Пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі.

Басталу уақыты – 10:00.

№95 мектеп-лицейі (Ұлы Дала даңғылы, 73/1).

Пәндер: Қазақстан тарихы,  жаратылыстану, математика, орыс тілінде оқытатын  мектептердегі қазақ тілі. Басталу уақыты – 10:00.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!