«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны

 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 29 ақпанында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды.

Ойынның ашылу салтанатына қатысқан:

  • Сейдеш Б.Б. – № 76 мектеп-лицейінің директоры;
  • Тилеубаева Жадыра Ергалиевна – «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері;
  • Қазақстан авторлар қоғамының және Қазақ радиосы Көркемдік кеңесінің мүшесі Сейітман Серік мырза оқушыларға сәттілік тіледі.

Ойынның бірінші айналымына 58 оқушы қатысып, екінші айналымға өткен 12  қатысушы  бір-бірімен сайысты.

Қатысушылар ойын барысында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Дос­мұ­хамедұлы, Х.Ғаб­бас­ұлы, М. Тыныш­бай­ұлы) өмірбаяны мен шығармашылығынан тұратын сұрақтарға қызыға жауап берді.

          Әлихан Бөкейхан және Алаш қайраткерлерінің  еңбектерін зерттеп, терең меңгерген қатысушылардың ішінен озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының бас жүлдесі және I, II, III дәрежелі дипломдары, грамоталарымен марапатталды:  

          Бас жүлде: №78 МГ;

І орын – №57 ОМ;

ІІ орын – №№84 МЛ, 87 МГ, 96 МГ;

          ІІІ орын – №№48 МЛ, 54 МГ, 76 МЛ;

          грамоталар – №№9 ММ, 52 МГ, 65 МГ, 76 МЛ.

Зияткерлік үстел ойынынақатысқан барлық оқушыларға сертификаттар берілді.  

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!