Математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына  арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы

2024 жылдың  26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының (әрі қарай-Олимпиада) қалалық кезеңін  өткізді.

Олимпиаданың мақсаты:

Астана қаласынан математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру.

Олимпиадаға 82 астаналық білім беру мекемесінен 447 оқушы қатысты.

Олимпиаданың нәтижесінде  қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

7 – сынып:                

I орын – 14;                   

II орын – 11;                

III орын -41;                

Грамота – 22.              

8 сынып:

I орын – 5;                  

II орын – 10;                

III орын -10;                

Грамота – 13.              

9 сынып:

I орын – 6;                  

II орын – 16;                

III орын -21;                

Грамота – 20.              

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. 

                              Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!