«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі

   «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 1 наурыз күні мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.Олимпиадаға7-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада бес бағыт бойынша өтеді:

  1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);  
  2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
  3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);

Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты  (Б.Соқпақбаев көшесі, 17 үй)

  • «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
  • «Әнші-бұлбұлдар» (жанды дауыста ән айту);

Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 14)

Қатысушыларды тіркеу уақыты: 09:15-09:45

Олимпиаданың басталу уақыты: 10:00-де

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!