«АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Интеллектуалдық олимпиадалар және конкурстар

2023 жылдың желтоқсан айында 12 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 3 халықаралық,  2 республикалық, 4 қалалық, 3 аудандық. Аталған іс – шараларға Астана қаласынан 5125 оқушысы қатысып, 2064 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 319;

II орын – 705;

III орын – 1040.

2023 жылдың 7 желтоқсан күні№84 мектеп-лицейінде елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жоба конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Конкурстың ІІ (қалалық) кезеңіне 689 үміткер қатысып, 4 бағыт, 20 секция бойынша бақтарын сынады. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны 388: І орын-52, ІІ орын-120, ІІІ орын-216, Грамота-104.

2023 жылдың 7 желтоқсан күні 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге қатысқан 424 оқушының 190-ы  жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-45, ІІ орын-84, ІІІ орын-61, Грамота-73.

2023 жылдың 11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Almaty Tech Cup 2023» кубогына арналған робототехника чемпионаты өтті. Астана қаласынан қатысқан командалар жүлделі орындармен оралды: І орын-1, ІІ орын-1.

2023 жылдың 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында информатикадан Еуразиялық олимпиада өтті. Астана қаласының 4 командасы: жасөспірімдерге арналған БИЛ және «NURORDA» мектеп -лицейінің оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетіп, 4 қатысушы жүлдегер атанды: ІІ орын – 3, ІІІ орын – 1.

2023  жылдың 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңінде тестілеу өткізілді. Астана қаласынан 366 оқушы елордадағы ІТ университетінің базасында физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі және әдебиет секциялары бойынша тест тапсырды.

2023  жылдың 14 желтоқсан күні 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық іріктеу олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға Астана қаласынан 3 оқушы қатысып, 2 -еуі  III орынға ие болды.

2023 жылдың 15 желтоқсан күні арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының офлайн турына бейнематериал бойынша іріктеуден өткен вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинацияларынан барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны-49) және робототехникадан 3 команда (6 оқушы) қатысты. Арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы қатысушыларының сахнадағы өнерін қазылар алқасы саралап, төмендегідей қорытынды шығарды: І орын–3, ІІ орын–4, ІІІ орын-2.

2023 жылдың 16-18 желтоқсан күндері «Infomatrix-Asia» халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Халықаралық додаға елордалық 59 қатысушы қатысып, 12 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 2, ІІ орын–5, ІІІ орын-5.

2023 жылдың 19 желтоқсан күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша өтті. Олимпиадаға 1660 оқушы қатысып, 619 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 90, ІІ орын – 163, ІІІ орын – 366.

2023 жылдың 20 желтоқсан күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша өтті. Олимпиадаға 1811 оқушы қатысып, 823 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 123, ІІ орын – 320, ІІІ орын – 380.

2023 жылдың 23 желтоқсан күні «Астана дарыны» орталығы №51 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Мұстафа Шоқай-бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» II халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға 48 оқушы қатысып, 15 -і жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 7, Грамота – 12.

2023 жылдың 23-24 желтоқсан күндері Астана қаласындағы №8 мектеп-лицей базасында «Robotek Grand Tournament» чемпионатының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатқа мемлекеттік, жекеменшік мектептер мен робототехника үйірмелерінен 75 команда қатысты. Роботтарды инженерлік жобалауға және бағдарламалауға инновациялық көзқараспен ерекшеленген «Робокопы», «Golden RoboDS», «UBES», «Skillset», «NeoStem», «Роботек» және «№8 мектеп» командалары 7 сайыс номинациясында бірінші орынды иеленді.