Математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына   арналған «Алтын сақа» олимпиадасы

2024 жылдың  26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының (әрі қарай-Олимпиада) қалалық кезеңін  өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты:

Астана қаласы бойынша математика пәнінен  қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру.

         Өтетін орны: №95  мектеп-лицейі (Ұлы дана даңғылы, 73/1).

          Тіркелу уақыты: сағ. 13:00-13:45дейін.

          Басталу уақыты: 14:00.

Олимпиада мемлекеттік тілде өтеді. Олимпиадаға қатысушылардың тізімі қосымшада беріледі.

Олимпиада туралы тиісті ақпараттарды мына мекенжайдан білуге болады: «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі, Қабанбай батыр 40, байланыс тел:87779336887.