Астана қаласының командасы Таразға аттанды

2024 жылдың 27 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Тараз қаласында 8-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша  оқушылардың  республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтеді.

«Тараз-арена» спорт кешенінің базасында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағытта өтетін  республикалық конкурсқа  елордалық 64 оқушы 47 жобамен қатысады.

Оқушыларға  сәттілік тілейміз!