Сәт сапар!

2024 жылдың 22-24 ақпан аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы «Алмаз» шипажайында жаратылыстану-математикалық цикл бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында XIX «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтеді.
Байқауға Астана қаласынан 15 жобамен 18 оқушы қатысады. Елордалық жас зерттеушілердің шығармашылық ізденістеріне сәттілік тілейміз! Олар жеңіс тұғырынан көрініп, лайықты марапаттарға қол жеткізеді деп сенеміз.