Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

2024 жылдың 22-23 ақпан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шараға олимпиаданың қалалық кезеңінен өткен елордалық 8 педагог қатысады.

Олимпиада Астана қ. Кәсіптік-техникалық колледжінде өтеді (Нұра ауданы, Қорғалжын тас жолы, 22).

«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қатысушыларына сәттілік тілейміз!