Астана қаласында Central Asia FIRST Championship чемпионаты өтеді.

Ағымдағы жылдың ​​  23-25 ақпан күндері аралығында Астана қаласында Central Asia FIRST Championship чемпионаты өтеді. Чемпионатқа он елден ( Гонконг, БАӘ, Түркия және т.б.) 3 мыңнан астам  мектеп оқушылары қатысады,

Қазақстан намысын іріктеу чемпионаттарында квота алған 200 команда қорғайды. Олардың қатарында Астана қаласы мектеп оқушыларынан құралған 34 команда бар.

Осындай ауқымдағы робототехника чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өтеді. Өткен жылы чемпионатқа 1200-ге жуық оқушы қатысса, биылғы көрсеткіш 2,5 есеге артқан.

Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша жарысады: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

Чемпионатта робот ойындарынан бөлек инновациялық жобалар байқауы мен қазылар алқасының отырыстары өтеді.

            Central Asia FIRST Championship чемпионатының жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға, халықаралық жарыстарға қатысуға лицензияларға және қазақстандық және шетелдік университеттердің гранттарына ие болады.