«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінің қорытындысы

2023 жылғы 25 желтоқсанда № 91 мектеп-гимназиясында  «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Аталған конкурс барысында 90 елордалық білім беру ұйымынан 378 жұмыс ұсынылып, сараптамадан өткен 225 жұмыс қалалық қорытынды кезеңіне жолдама алды.

Конкурстың қалалық кезеңіне 218 педагог қатысып, оның 107-сі жеңімпаз атанды және бүгінгі салтанатты жиынға шақырылды.

Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы Жалпы білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Аманкелдиева Асыл Аманкелдиевна, биология ғылымдарының кандидаты Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич, № 91 мектеп-лицейінің директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Бейсенбаева Жанар Маулеткановна қатысып, қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, оларға «Астана дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарын табыстады.

Дипломмен марапатталған педагогтердің ішінде: I орын – 21, II орын – 30, III орын – 56.

Сонымен қатар, қонақтар «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алған жеңімпаздарға сәттілік тіледі.