11 (12) – сынып түлектеріне арналған XVІ Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика циклі (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) республикалық кезеңінің қорытындысы

2023 жылы 21-24 қараша күндері аралығында Е. Букетов атындағы Қарағанды университетінде 11 (12) – сынып түлектеріне арналған жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша (математика, физика, химия, биология ) XVI Президенттiк олимпиаданың республикалық кезеңі өз мәресіне жетті.
Республикалық кезеңге Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 12 жас зияткер қатысты.
Беделді олимпиаданың қорытынды кезеңіне тыңғылықты дайындықпен келген елордалық 4 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізді. Олар:
Бахытбек Санжар – ІІ орын (грант иегері), № 30 МГ;
Амангелді Мейірім – ІІІ орын, Экономикалық Лицей;
Мозговой Роман – III opын, № 27 МЛ;
Нұрланұлы Асанәлі – III opын,
А. Байтұрсынұлы ат. Binom school МЛ.
Жас дарындарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!