Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Елорданың еркетайы” қалалық өнер байқауының қорытындысы

2023 жылдың қараша айының 17 күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мектепке дейін ұйымдардағы мектепалды топтары арасында “Елорданың еркетайы” қалалық өнер байқауын 4 номинация бойынша өткізді.

Қалалық кезеңге іріктеуден өткен “Вокалдық топ” номинациясында 19 топ, “Хореография” номинациясы бойынша 15 би тобы, “Вокал” номинациясында 12 өнерпаз, “Балалар музыкалық аспаптарда ойнау” номинациясында 8 топ өз өнерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен “Вокалдық топ” номинациясынан Бас жүлде – #52 “Еркетай” балабақшасының ”Айналайын” тобы, I орын – 2, II орын – 4, III орын – 7, “Вокал” номинациясы бойынша Бас жүлдеге #5 “Ақбота” балабақшасының тәрбиеленушісі Берікқан Еламан, І орын – 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3, грамота – 4, “Хореография” номинациясы бойынша Бас жүлдеге – #77 “Қошақан” балабақшасының “Болашақ” би тобы, І орынға – 2, ІІ орынға – 3, ІІІ орынға – 4, грамотаға – 5, “Балалар музыкалық аспаптарда ойнау” номинациясында Бас жүлдені ҚР ПІБ МО “Қарлығаш” балабақшасының “Айгөлек” ұлттық аспаптар ансамблі, І орын – 2, ІІ – 3, ІІІ орын – 2 бүлдіршін ие болды.

Бас жүлде иегерлері “Астана дарыны” орталығының дипломымен және ауыспалы кубокпен марапатталды.

Кішкентай бүлдіршіндерді жеңістерімен құттықтаймыз!