Оқушыларды зерттеу жобаларына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» семинарының қорытындысы

2023 жылдың 2-3 қараша күндері елордалық педагогтер «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Қостанай қаласында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты» базасында физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін өткізілген «Оқушыларды зерттеу жобаларына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» республикалық оқу семинарына қатысты.

Семинардың мақсаты – педагогтерді зерттеу жобаларының құрылымы мен мазмұнын қалыптастырудың тиімді әдістері мен стратегияларына оқыту.

Мұғалімдер зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру кезінде кейбір әдістер мен стратегияларды қолдану бойынша ұйымдастырылған эксперименттік алаңдарға белсенді қатысты. Қателіктер, және ғылыми жобалармен жұмыс жасау кезінде оларды болдырмау туралы пікірталастар өтті.

Жалпы елордалық қатысушыларға семинар тиімді және қызықты болды. Семинардан алған ақпараттарды қатысушылар жұмысында қолданады деп сенеміз.