Республикалық Төлеген Айбергенов  оқуларында астаналық дарындар бір күміс, үш қола жүлдені иеленді

Бүгін Республикалық Т. Айбергенов оқулары өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

2023 жылғы 2-3 қараша аралығында  Алматы қаласында өткен шараға  елордалық 5 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша бақтарын сынаған болатын.

Республикалық Төлеген Айбергенов  оқуларының қорытындысы бойынша «Толқиды бір кеудемде кернеген шер» номинациясында Досанбек Мадина 2 орынды,  «Өз ғасырым өзімнің иінімде» номинациясында №16 орта мектептің 8 сынып оқушысы Түгел Амина,  «Барады кең дүние әнге айналып» номинациясында №37 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Атымтай Аружан және «Жүрегімнің лапылдаған отымен» номинациясында №52 мектеп – гимназиясының 8 сынып оқушысы Ахан Назалы3 орынды иеленді.

Жеңімпаздарға 2, 3 дәрежелі дипломадар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Жүлде иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!