«STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» олимпиадасы халықаралық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

2023 жылдың  1-2 қараша күндері Астана қаласындағы Riviera International School by Quantum мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – білім берудегі  Инновация»  олимпиадасының халықаралық кезеңі  өтті. Бүгін олимпиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.  

       Олимпиадаға  қатысқан елордалық командалардың арасынан Қ. Сәтбаев атындағы Binom school мектеп лицейінің  «Rey» командасы: Рзаханов Тамирлан, Қожабек Аян – 2- орынды, Ә. Бөкейхан атындағы Binom school мектеп лицейінің  «SunRise» командасы: Үсенбай Бекболат, Ашыхатов Бижан –  7-орынды және №38 мектеп-лицейінің «Invictus» командасы Август Алиасқар,  Уалихан Рахат – 8- орынды иеленді.

     Командаларды жеңісімен құттықтаймыз!