Қазыналы қазақ елінің жас  химиктері дараланды

     КСРО-ның Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш академигі, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен

9-сынып оқушылары арасында республикалық  олимпиада 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша айы күндері аралығында Жезқазған қаласында өтті.

     Жас химиктер арасындағы бұл олимпиадаға  Астана қаласы білім беру мекемелерінен өткен оқу жылындағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңі жүлдегерлері №27 мектеп-лицейінің оқушысы Елизавета Гранковская, «Nurorda» мектеп-лицейінің оқушысы Асқарбек Біржан және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Балтекен Арман қатысты.

      Дәстүрлі химиктер олимпиадасының демеушісі «Қазақмыс» корпорациясы жүлде қоры қатысушылардың 45 пайызын марапаттады.

      Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың  қорытындысы бойынша елордалық команда үштігіндегі  Е.Гранковская мен Б.Асқарбек алтын медаль, А.Балтекен күміс медаль иегері атанды.

     Республика бойынша қатысқан командалар арасында дараланған елордалық  командаға

Қазақстандағы Канада елшілігі өкілінен «Қазақстанның ең үздік командасы» ауыспалы кубогы мен арнайы жеңімпаз грамотасы табысталды.   

     Қазба байлығы жетіп жығылар елдің болашағына химия саласына аса қызығушылық танытып жүрген  жасөспірімдердің қосар үлесі зор екеніне үмітпен қараймыз.

Жүлдеңіз құтты, жалғасты болсын!