Республикалық балалар оқуларының күміс жүлдесін астаналық оқушы иеленді

2023 жылғы 1 қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында Республикалық балалар оқулары байқауы өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.

 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму инстуты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған биылғы сайысқа еліміздің 17 облысы мен                      3 республикалық маңызы бар қалаларынан   63 оқушы қатысты.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша елордадағы №64 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Адрейсова Жаннұр жүлделі 2-орынды иеленсе, №66 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Аманкелді Жасмин Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.  Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жас дарындарды марапаттарымен құттықтаймыз!