5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен “JAS ERUDIT” олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып 5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен “JAS ERUDIT” олимпиадасының қалалық кезеңін 2023 жылдың 28 қазанында #57 орта мектебінде өткізді.

Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 123 оқушы қатысты.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша : 5-сынып оқушылары арасынан: І орын-2; ІІ орын-8; ІІІ орын-15; грамота-7.
6-сынып оқушылары арасынан: І орын-2; ІІ орын-8; III орын-10; грамота-10.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!