Географиядан Ұлттық олимпиаданың қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесе отырып 7-8 сынып оқушылары арасында географиядан Ұлттық олимпиаданың қалалық кезеңін 2023 жылдың 27 қазанында #75 мектеп-гимназиясында өткізді.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне елордалық білім беру мекемелерінен 149 оқушы қатысты.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша:
7- сынып оқушылары арасынан: І орын-1; ІІ орын-2; ІІІ орын-4; грамота-8.
8 – сынып оқушылары арасынан: I орын-1; ІІ орын-2 ; III орын-5; грамота-8.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 💐💐💐